Q-Lab қалалық жобалар зертханасының алаңында «БізАлматы» жобасының жабылу фестивалі өтті
29 ақпанда Q-Lab қалалық жобалар зертханасының алаңында «БізАлматы» жобасының жабылу фестивалі өтті. Фестиваль қатысушылардың көптігімен ерекшеленді және бірнеше аймаққа бөлінді, соның ішінде: «қала туралы диалогтар» аймағы, жәрмеңке және шеберханалар аймағы, балалар аймағы, КиноОртасы, жоба тарихының аймағы.