Оставьте ваш номер и мы свяжемся с вами!
или вы можете связаться с нами по этому номеру в рабочее время:
+7 (727) 265-90-01
ИНЖЕНЕРЛІК-ІЗДЕНУШІЛІК ҚЫЗМЕТ
Жобалау мен құрылысқа арналған қажетті ақпаратты алу мақсатында біздің жоғары білікті мамандарымыз инженерлік ізденістердің толық кешенін орындайды
  • Топографиялық түсірілім
    Сіз біздерге тұрғын үйлерді, көпфункционалды кешендерді, қоғамдық ғимараттар мен имараттарды жобалау және пайдалануға беру және инженерлік желілерді жобалау үшін 1:500 – 1:10000 масштабында топографиялық түсірілімге тапсырыс бере аласыз. Жұмыстардәлдігі өте жоғары заманауи жабдықтармен жүзеге асырылады. Институттың білікті мамандары топографиялық түсірілімдерді сапалы және қысқа мерзімде орындайды.
  • Ағаш түбі бойынша түсірілім
    Біз ландшафттық дизайн жобаларын жасау, алаңдарды көгалдандыру, дендрожоспарларды дамытуға арналған ағаштүбі бойынша түсірілімдерді орындаймыз. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ағаштардың, бұталардың және көгалдардың саны туралы, ағаштардың нақты орналасқан жерін көрсете отырып, барлық жасыл желектерді есепке алу сипаттамасы беріледі
  • Атқарушылық түсірілімдер
    Атқарушылық түсірілімдердің көмегімен барлық коммуникация жүйелерінің немесе құбыр желілерінің егжей-тегжейлі сызбаларын құрастыруға болады:

    • сумен жабдықтау
    • кәріз
    • газ құбыры
    • электр қуаты
    • жылу магистралі
    • телефон шұқырлары
    • суару арықтары және т.б

    Атқарушы геодезиялықтүсірілімдердің нәтижесінде құрастырылған сызба, жұмыс жүргізіліп жатқан жер теліміндегі ғимараттардың, коммуникациялардың, имараттардың және басқа құрылыстардың нақты орналасқан жерлерін көрсетеді.

  • Ғимараттар мен имараттардың және олардың тораптарының негізгі біліктерін шығару
    • ғимараттардың негізгі біліктері, олардың тораптары мен белгілері монтаждау көкжиегіне беріледі;
    • имарат құрылымының егжей-тегжейлі бөлінісі жүргізіледі; жоларналармен сызықтық имараттарды бөліп орналастыру;
    • жер телімінің табиғи шекараларын шығарады;
    • ғимарат қазаншұңқырының, аяқжолдармен басқа іргелес элементтердің, көше-жол желісі объектілерінің, инженерлік желілердің жоларна нүктелерін және т.б. сұлбасын шығарады.

    Жер телімінің табиғи шекараларын шығару дегеніміз –меже белгілерінің көмегі арқылы белгілі бір учаске мен оның бұрылу нүктелерін жергілікті жерге тағайындау бойынша мамандандырылған геодезиялық іс-шаралар кешені.
  • Ғимараттар мен имараттардың пішінін өзгертуін бақылау және қисаюын анықтау
    Бастапқы күйінен бастап ғимараттар мен имараттардың тік және көлденең орын ауыстыруларын тұрақты түрде бақылауды – пішінін өзгертуін бақылау деп атайды.

    Аталған бақылаулар:

    - ірі ғимараттарды, өнеркәсіптік объектілерді және инженерлік имараттарды құрылысын салу және пайдалану кезінде;

    - ғимараттар мен имараттар қауіпті табиғи және техникалық табиғи үдерістер жүретін жерде орналасқан кезде;

    - қабырғада жарықтар пайда болған жағдайда орындалады.

    Мұндай жұмыстарды жүргізу пішінін өзгертулер мен ауытқуларды анықтауға, соның нәтижесінде одан әрі дамыту туралы түйін жасап және олардың салдарын жою бойынша шаралар кешенін әзірлеуге мүмкіндік береді.


Жобаны есептеуге өтінім қалдыру
Өтінімді толтырыңыз, біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады
Осы батырманы басу арқылы Сіз дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім бересіз
По всем вопросам свяжитесь с нами любым удобным способом:

E-mail: gp@almatygenplan.kz
Телефон: +7 (727) 265-90-01
Соцсети: Facebook | Instagram | Youtube