Ынтымақтастық – нақты табысқа апаратын жол
26 шілде күні Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының, "Алматы бас жоспары" ҒЗИ" ЖШС басшылығының "Шымкентбасжоспары" КММ делегациясымен жұмыс кездесуі өтті.
Мегаполистердің қала құрылысшылары сәулет саласындағы тәжірибемен алмасу, білімдерімен, тәжірибелерімен және жаңа әдістемелерімен бөлісу үшін жиналды.
Шымкенттік әріптестерге сәулет-қала құрылысын реттеу әдісі - дизайн-код таныстырылды.
Қазақстанда алғаш рет 2017 жылы Алматыда қала кеңістігін жобалау мен салудың егжей-тегжейін реттейтін ережелердің бірегей жиынтығын енгізу ұсынылды.
Тәжірибе алмасу барысында Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Сембаев жобалау алдындағы құжаттарды берудің автоматтандырылған процесі қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді.
"Алматы бас жоспары" ЖШС директоры Шахмурат Сыздык әріптестеріне ҒЗИ мамандары жұмыс істеп жатқан жобаларды таныстырды.

Кездесуге қатысушылар ынтымақтастық – нақты табысқа апаратын жол екеніне сенім білдірді