Алматыда 2030 жылға дейін 5 полиорталық құрылады
Алматыда 5 полиорталық құрылады /Фото:shutterstocks
Алматыда 2030 жылға дейін 5 полиорталық құрылады. Алматы әкімдігі қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын (ЕТЖ) бекітті. Бұл туралы Алматы әкімдігі қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы хабарлады.

2040 жылға қарай қала тұрғындары үшін балабақшалар үйден орта есеппен 300 метр қашықтықта болады. Ал медициналық мекемелер тұрғылықты жерінен ең көп дегенде бір шақырым жерде болмақ.

Сонымен қатар әкімдік Түрксіб ауданында мектептер, медициналық мекемелер мен балабақшалар санын арттыруға уәде береді. Наурызбай ауданында мектептер саны екі есеге, балабақшалар саны 10 есеге артады. Бостандық ауданында сегіз мектеп, бес балабақша, үш медициналық мекеме салу жоспарланып отыр.

Әкімдіктің хабарлауынша, жаңа ЕТЖ қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес әзірленді. Бас жоспарда мегаполистің дамуының моноцентристік моделінен полицентрлікке көшу принципі жатыр.

Осылайша, 2030 жылға дейін қала әкімдігінің жобалық кеңсесі аясында 5 полиорталық құрылады. Олар: «Шығыс қақпасы», «Тарихи орталық», «Солтүстік», «Оңтүстік-батыс», «Батыс» сынды арнайы орталықтар.

«Шығыс қақпасы»

«Шығыс қақпасы» полиорталығы (Талғар және Құлжа тас жолының ауданы). Бұл әуежай мен Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолына жақын орналасқан. Сондықтан ірі көлік торабы бар логистикалық хаб пен көрме-ойын-сауық орталығына айналады.

«Тарихи орталық»

«Тарихи орталық» полиорталығы қаланың туризм саласындағы серпінді дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сондай-ақ, сәулет мұрасын сақтаудың маңыздылығын атап көрсетеді.

«Солтүстік»

«Солтүстік» полиорталығының («Алматы-1» теміржол станциясына іргелес аумақ) негізгі аспектілері көшелер торы. Бұл жерде скверлер, балабақшалар, мектептер мен медициналық мекемелері бар жаңа үлгідегі құрылыс болады. Бұл аймақтан өндіріс пен базарларды алып тастау ұсынылды.

«Оңтүстік-Батыс»

«Оңтүстік-Батыс» полиорталығында (Райымбек даңғылы және ұзаратын Алатау көшесі).Бұл – ірі мультимодальды көлік-ауыстыру торабы, LRT, BRT, метрополитен бекеттері. Сонымен қатар шағын өнеркәсіп парктері мен сауда нысандарын салу көзделген.

«Батыс

«Батыс» полиорталығында («Алматы-3» жаңа теміржол вокзалы мен Боралдай кентіндегі көлік хабы). Алматы-3 вокзалының, желілік рекреациялық саябақтың және қажетті инфрақұрылымы бар жаңа абаттандырылған тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған.

Еске сала кетсек, Сайран көлін 2024 жылдың соңына дейін абаттандыруды жоспарлап отыр деп хабарладық.

«Өткен жылы күзден бастап мердігерді таңдауға байланысты конкурстар өткізілді. Бір конкурс тоқтатылды, екінші конкурстан кейін желтоқсанда біз (келісім-шарт – ред.) жасай алдық. Уәде етілгендей, жоба дайын, біз тек мемлекеттік сатып алу бойынша серіктесіміздің жұмыс сапасына сенеміз. Жыл соңына қарай Сайранның жаңа бейнесін көреміз»,– деді әкім.

дереккөз: kz.kursiv.media