«Алматының ескі орталығын» (Байсейітова көшесі) қайта құру жобалары бойынша қоғамдық талқылау өтті)
2020 жылғы 27 қазанда «Алматының ескі орталығын» (Байсейітова көшесі) қайта құру жобалары бойынша қоғамдық талқылау өтті, онда сәулетші-жобалаушылар, сарапшылар мен қала басшылығының өкілдері қала тұрғындарына Байсейітова көшесін Құрманғазы көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін абаттандыру тұжырымдамасын және сауалнама нәтижелерін ұсынды.
Қала тұрғындары сұрақтар қойып, онлайн форматта өз бағаларын берді. Осы талқылаудың жалғасында Q-Lab қалалық жобалар зертханасы «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтымен» бірлесіп «Алматының ескі орталығын» (Байсейітова көшесі) қайта құру тұжырымдамасының таныстырылымымен және сауалнама нәтижелерімен бөліседі.
Материалдарды жүктеу сілтемесі