«Қарасу» шағын ауданындағы рекреациялық аймақ жобасы
«Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС «Қарасу» шағын ауданында рекреациялық аймақ құрылысы бойынша жобаны жобалаушы болып табылады.
Сараптаманың оң қорытындысын алған жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленді. "Қарасу" шағын ауданында рекреациялық аймақтың құрылысы 2020 жылдың екінші тоқсанында басталды.

Жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу кезінде «Шаровая молния» студиясы сәулетшілерінің эскиздік жоспарлары негізге алынды.

Тұрғындардың қалауы бойынша ЖСҚ-ға серуендеу аймақтары, жаңа амфитеатр, балалар және спорт алаңдары, сквер қосылды. Рекреациялық аймақтың жалпы ауданы шамамен жеті гектарды құрайды.