Алматыда қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының м. а. тағайындалды
Алматы қаласы әкімінің бұйрығымен сәулетші – қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының м.а. лауазымына Нұрлан Боранбаев тағайындалды.

Боранбаев Нұрлан Ақабайұлы 1963 жылы 22 желтоқсанда Ақтөбе қаласында туған. Алматы сәулет-құрылыс институтын 1988 жылы бітірген. Еңбек жолын Ақтөбедегі «Ақтөбеазаматжоба» жобалық ұйымында сәулетші болып бастаған. Жеке компанияларда және мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. «Қаланыбезендіру», Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбегеодезия» КМК-да басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ әкімнің кеңесшісі, Ақтөбе қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болған. Кейін «Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің бастығы, «Ақтөбеазаматтықжоба» бас сәулетшісі болып жұмыс істеген.

Ағымдағы лауазымға тағайындалғанға дейін ол «Алматыбасжоспар ҒЗИ» ЖШС-де деректермен жұмыс жөніндегі директор қызметін атқарған.

ақпарат көзі: ALMATY ÁKIMDIGI