Алматыда ескерткіштер мен тарихи нысандарды түгендеу жұмысы басталды
Қазіргі таңда «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты жанындағы ғылыми бөлім Алматы қаласындағы тарихи және мәдени ескерткіштерді түгендеу бойынша ауқымды жұмыс жасауда.

Түгендеу жұмысымен 400-ден аса ескерткіш, нысандарды қамту көзделіп отыр.

Жергілікті маңызы бар ескерткіштердің тізімдерін тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша өңірдің атқарушы органы бекітеді. «Алматыбасжоспар» ҒЗИ барлық мүдделі тараптармен тығыз байланыста.
Дереккөз: «Алматыбасжоспар»
Фото, видео: В. Данилов - «Алматыбасжоспар» ҒЗИ баспасөз-қызметі