Кадр резерві –жастарға жаңа мүмкіндік
«Алматыбасжоспары» ҒЗИ және Урбанистика басқармасы жас мамандарының өңірлік кадр резервіне кіруіне мүмкіндіктері бар

Бүгін «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, сондай-ақ қала құрылысын бақылау, жер қатынастары, қалалық жоспарлау және урбанистика басқармаларының жас мамандары «Өңірлік резервтерге іріктеу» жаңа жобасымен танысты. Таныстыру барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейдалиев Алматы қаласының Өңірлік кадр резервіне іріктеу тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 255 Жарлығымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидаларын іске асыру үшін әзірленгенін және Алматы қаласының Өңірлік кадр резервіне іріктеуді ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін айқындайтынын атап өтті. Өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу бүкіл Қазақстан бойынша жүргізілуде. Алматы қаласындағы кандидаттарды іріктеу жөніндегі кадр комиссиясын қала әкімі Ерболат Досаев басқарды.
«Жобаның негізгі мақсаты: әр өңірде талантты жастар арасынан жаңаша ойлайтын көшбасшылар – жас басқарушылар пулын қалыптастыру», - деп атап өтті спикер.

Оnir.pkrezerv.kz. платформасында өңірлік резервке іріктеу тәртібі туралы толық ақпаратты алуға, сондай-ақ құжаттарды тапсыруға болады.
«Алматы қаласы бойынша өңірлік кадр резервіне 2 жылдық мерзімге 10 кандидат қабылданатын болады», - деп қорытындылады Нұрсұлтан Сейдалиев.

Сондай-ақ, спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, халықпен диалогтың тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін, сұраныстарды қараудағы жеделдікті және мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын талқылады. Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Ахетов азаматтармен ашық және жоспарлы жұмыс – бұл мемлекеттік құрылымдарға деген сенімді арттыратын негізгі фактор екенін атап өтті.
Дереккөз: «Алматыбасжоспар»
Фото: «Алматыбасжоспар» ҒЗИ баспасөз қызметі