Алматыда жер сілкінісінен кейін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр
Фото: Владимира Данилова qlab.almaty
Мемлекет басшысы ел аумағының үштен бір бөлігінде жер сілкінісі қаупі бар екенін айтты. Сейсмологиялық станциялар соңғы 5 жылда 45 мыңнан астам дүмпу жағдайын тіркеген. Оның көбі – төмен балдық жер сілкінісі.

Алматы мен Алматы облысы бойынша жер сілкінісінің салдарын анықтау бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, әкімдік өкілдері мен қала құрылысын бақылау басқармасының мамандары кіреді. Олар ғимараттар мен тұрғын үйлерге зерттеу жүргізеді. комиссия қалай жұмыс істейді, алматылық тілшіміз жалғастырады.

Эльмира Шабарова бұл пәтерге небәрі 8 жыл бұрын көшіп келген. Содан бері жер сілкінісі болмай-ақ құрылыстың сапасыз екенін байқаған. Қабырғалары қақырап, төбесі түсе бастаған. Ал, екі-үш күн бұрынғы жер тербелісінен кейін тіпті баспанасына кіруге қаймығып қалғанын айтады.
Түнеп отырдық. Машинамыз бар. Машинасы жоқтар таксимен басқа жақтарға кетіп, барлығы түгел, осы домның барлығы далада жүрдік. Бала-шағаның барлығында стресс, үрей болды. Ұйықтаған жоқпыз. Барлығымыз таңды атырдық десек болады.
Эльмира Шабарова, қала тұрғыны
Алматы облысында да 44 әлеуметтік нысан бүлінген. Мәселен, Қарасай ауданындағы мына мектеп қазір штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ары қарай комиссия рұқсат берсе жұмысын жалғастырады.
Мамандармен бірге құрам жасап, комиссия ретінде орындарды тексергенбіз. Мектепте 4 орынды анықтап, жарылған жерлерін өлшеп, қағаздарға толтырып, құзіретті мекемелерге ақпарат бергенбіз.
Азамат Жиенбаев, Елтай ауылдық округінің бас маманы
Алматы бас жоспар ғылыми-зерттеу институтының мамандары таулы аймақта 3 қабаттан биік үй салуға болмайтынын ескертіп отыр. Ал қаланың ортасында 5 қабаттан биік нысан болмауы тиіс.
Әл-Фараби мен Абай даңғылының аралығында 9 қабатты үй салуға болмайды, ал енді тарихи орталыққа келетін болсақ ол жерде негізінен 5 қабатты үйлер, ал енді райымбек даңғылынан төмен жағына келетін болсақ о жердегі жер қыртысы өте осал. Сондықтан ол жердегі аумаққа 3-5 қабатты үйлер салуға болады. Оның өзінде КазНИИСА мекемесінің техникалық есептеу жұмыстары жүргіліп барып беріледі.
Жанат Әйтілеу, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ ЖШС бөлім басшысы
Алайда, құрылысқа жауапты мекеменің рұқсатымен компаниялар көп қабатты ғимарттарды салуға рұқсат алып отыр. Сондай-ақ, олар тиктоникалық жарылымдар бар жерлерге де тұрғы үй салуға болады деп отыр. Бастысы, құрылыс талапқа сай салынса болғаны. Үш күн бұрын болған жер сілкінісінен қабырғасы жарылған үйлердің сапасына толық бағаны арнайы комиссия көп күттірмей жариялаймыз деп отыр. Әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру мен тұрғын үйлердің шығынын өтеу кімге жүктелетіні содан кейін белгілі болмақ.
дереккөз: qazaqstan.tv