«Алматыбасжоспар» ҒЗИ базасында онлайн форматта ғылыми-техникалық кітапхана қолжетімді болады
Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күні қарсаңында «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты және «ҰМҒТСО» АҚ-тың еншілес ұйымы - Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана «ҰМҒТСО» АҚ басқарма төрағасы Арман Қашқынбековтың басшылығымен жан-жақты ынтымақтастықты қайта жаңартты. Енді ҒЗИ мамандары, сәулетшілер, салалық ұйымдар мен студенттер «Алматыбасжоспар» нетворкинг алаңында ғылыми-техникалық әдебиеттер мен құжаттаманың кең қорымен таныса алады.
«Қазір «Алматыбасжоспар» ҒЗИ ғылыми бөлімі Алматы қаласының барлық жоғары оқу орындарымен тығыз жұмыс істеуде, тұрақты негізде зерттеу жобалары бойынша жұмыс жүргізіледі, түрлі бағыттар бойынша оқыту, бейіндік кездесулер, конференциялар өткізіледі. «Алматыбасжоспар» ҒЗИ қабырғалары жастар, сәулетшілер мен құрылысшылар үшін тарту нүктесі болып табылады деп айтуға болады. Мақсатты аудитория үшін Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың үлкен базасына қол жеткізу - олардың жобалары үшін үлкен көмек», - деп атап өтті «Алматыбасжоспар» ҒЗИ Ғылым жөніндегі директор.
Қазіргі уақытта өнеркәсіп пен технологияның қарқынды дамуы байқалады және бұл ғылыми-техникалық әдебиеттерге жоғары сұранысты тудырады.
«Кітапхана пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын тек сапалы ақпараттық өнімдерді ұсынады. Бүгінгі таңда РҒТК – бұл филиалдардың дамыған желісі бар қуатты заманауи ақпараттық жүйе, ол өз пайдаланушыларына Қазақстанның кез келген өңірінде тек ең өзекті және тексерілген ғылыми-техникалық ақпаратты толық көлемде ұсына алады», - деп атап өтті «РҒТК» КЕАҚ Президенті Маринат Бапиева.
Сарапшылар ғылыми-техникалық базасыз жаңа технологиялардың дамуын елестету қиын деп есептейді.
«Ғылым мен технология саласындағы ғылыми-техникалық әдебиеттің маңыздылығын елемеуге болмайды. Кітаптар - студенттер, ғалымдар, зерттеушілер мен инженерлер үшін негізгі ақпарат көзі болып табылады», - деді ғылыми зерттеулер бөлімінің басшысы Айслу Сәрсекеева.
Сондай-ақ, тараптар тұрақты негізде ғылыми-техникалық әдебиеттердің көрмелерін өткізуге келісті. Мақсаты - қоғамның назарын негізгі пәндерге аудару, жастар арасында академиялық әдебиетті дамыту және насихаттау.
«Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС-пен, ғылыми-зерттеу институттарымен, ұйымдармен және жалпы университеттермен ынтымақтастықты жаңғырту және дамыту, кең ғылыми-техникалық бейіндегі ауқымды қорды сақтау және көбейту - бұл «РҒТК» КЕАҚ-тың зерттеулер мен зерттеушілерді қолдауға қосқан үлесі - ғылыми-өндірістік сала мамандарының ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандырудан тұратын маңызды әлеуметтік функциялардың бірін орындау», - деп қорытындылады «РҒТК» КЕАҚ Президенті Маринат Бапиева.
Қазіргі уақытта «Алматыбасжоспар» ҒЗИ базасында қызметкерлер мен қонақтарға «РҒТК» КЕАҚ кітаптарының электрон каталогі қолжетімді. Қажетті іздеу аймағын (негізі сөздер, автор, тақырып, жарияланған жылы) таңдап, іздеу жүйесіне сұрау салу керек. Әдебиеттерді іздеу кезінде сұрау ережелері каталогта да жазылған.
Дереккөз: «Алматыбасжоспар»
Фото: «Алматыбасжоспар» ҒЗИ баспасөз қызметі, спикерлердің жеке мұрағатынан