«Су қорғау белдеулерін 2009 жылғы деңгейге дейін жүйелеу» тақырыбын онлайн-форматта қоғамдық талқылау
«Алматыбасжоспар» ғимаратында Q-Lab қалалық жобалар зертханасының алаңында Алматы қаласының бас жоспарын түзету жобасын қоғамдық талқылау өтті, оның барысында болашақ әзірлеушілердің, сарапшылардың және қалың жұртшылықтың кездесулерінің алдын ала құрылымы жасалды.

Техникалық тапсырманы пысықтаудың ұсынылатын құрылымы:
* Қала құраушы фактор (қаланың даму стратегиясы)
*Тығыздық және құрылыс ережелері (функционалды аймақтарға бөлу)
* Тарихи-сәулет тірек жоспары (ескерткіштерді қорғау аймағы)
* Орталықтың қаланың шеткері аймақтарымен өзара іс-қимылы
* Көлік (даму тұжырымдамасы, маятниктік көші-қон, Алматы агломерациясы)
* Қауіпсіздік
* Табиғи кешен аумақтарының және ерекше қорғалатын аумақтардың жүйесі (экология, суару, көгалдандыру)
* Бас жоспарды іске асыру
* Экономикалық басымдықтар (инвестицияларды іске асыру)
* Әлеуметтік инфрақұрылым

Бас жоспарды түзету бойынша ұсыныстарды жазбаша түрде Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының электронды мекен-жайына жіберуге болады: press@ugpu.kz.