«Су қорғау белдеулерін 2009 жылғы деңгейге дейін жүйелеу» тақырыбына онлайн-форматта қоғамдық талқылау өтеді
2020 жылғы 16 маусымда «Су қорғау белдеулерін 2009 жылғы деңгейге дейін жүйелеу» тақырыбында онлайн-форматта қоғамдық талқылау өтті.
Алматының бас сәулетшісі: «Егер 10.07.2009 жылғы ҚР Су кодексінің нормалары қайтарылса, 8 мыңға жуық алматылық өз үйлерін заңдастыра алады».

10.07.2009 жылғы ҚР Су кодексінің редакциясына 20 метрлік су қорғау белдеуіне шектеу қою арқылы қайта оралу мүмкіндігі 8 мыңға жуық алматылықтарға өз құрылыстарын заңдастыруға мүмкіндік береді. Демек, олардың жылжымайтын мүлкі заңды экономикалық айналымға түседі. Бұл туралы бүгін билік өкілдерімен, қоғамдық белсенділермен және БАҚ өкілдерімен қоғамдық талқылауда Алмасхан Ахмеджанов хабарлады.

Қазір бұл үйлердің барлығы «заңнан тыс» тұр, өйткені олар ҚР қолданыстағы Су Кодексі бойынша 35 метрді құрайтын су қорғау белдеуінде салынған. Алматының бас сәулетшісі егер бұрынғы нормалар (20 метр) қайтарылса, үй иеліктерінің 70% - ға жуығы заңдастырылатынын атап өтті. Өзендерге 10 метрден жақын қашықтықта салынған қалғандары айналымнан алынады.

Ұсыныс аралас реакция тудырды. Экологиялық белсенділер Заңның өзгеруі өзен жағасында көп қабатты үйлердің жаппай құрылысына әкелетінін айтты. Бұл, олардың пікірінше, экологиялық проблемаларға әкеледі. Алматы әкімінің орынбасары Е.Қожағапанов бұл мәселені заң деңгейінде шешуді, яғни биік ғимараттар салуға тыйым салуды ұсынды.

Қолданыстағы нормаларға байланысты әлі күнге дейін өз үйлерін заңдастыра алмайтын тұрғындар, керісінше, мүмкін болатын өзгерісті «уралап» қуанышен» қабылдады. Адамдарды түсінуге болады-тіркеуді ешкім жойған жоқ. Олар емхананың және басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметтерін заңды түрде пайдаланатын болады. Заң бойынша, қазір тіпті тұрғылықты жеріндегі балабақшалар мен мектептер де балаларына қол жетімді емес.

Екі сағаттық онлайн-пікірталастардан кейін қоғамдық талқылауларды қайта өткізу туралы шешім қабылданды. Оларды өткізу уақыты мен орны туралы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы мен «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты Сайтта және әлеуметтік желілердегі парақшаларда хабарлайды.

Бұдан басқа, Е.Қожағапановтың тапсырмасы бойынша ертең – 17 маусымда ҚЖжУБ басшысы А. Ахмеджанов, қоғам өкілдері мен экологтар проблемалық учаскелерді аралайды.