Әрбір алматылық салауатты өмір салтына қосыла алады
Әрбір алматылық салауатты өмір салтына қосыла алады.
Қаламыздың бірнеше ауданында дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары салынып жатыр. Барлық спорт секциялары тегін болады. Орталықта ересектер мен балалар спортпен айналыса алады. Сонымен қатар, орталықтарда мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктері ескерілген. Мысалы, шағын аудандағы дене шынықтыру-сауықтыру орталығы Қазыбаев көшесіндегі Құлагер әмбебап спорт залымен ғана емес, сонымен қатар 6 жолға арналған бассейнмен, балалар бассейнімен, жаттығу залымен, күш жинауға арналған залмен жабдықталады.