Қоғамдық талқылауларды өткізу жоспарланғаны туралы хабарландыру
«Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ (БСН 990740001176) «Алматы қаласының бас жоспарын түзету» жобасы бойынша қоғамдық талқылаулардың өткізілетінін хабарлайды. Қоғамдық талқылаулар 2025 жылдың 24, 25, 26 желтоқсанында Астана уақытымен сағат 14:00-де Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы 90, 1-қабат мекенжайы бойынша өтеді. Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: +7 (727) 240-80-00, 240-80-01, 240-80-02, 240-80-03, электрондық пошта: uaig@mail.kz.
Біз қаланың сәулеттік дамуын жоспарлауға ғылыми тұрғыдан қараймыз
Қала құрылысы, кез-келген күрделіліктегі сәулеттік жобалау, инженерлік-геодезиялық зерттеулер
«Алматыбасжоспары» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ауқымды қала құрылыстық тұжырымдамаларды әзірлеу және дамыту, сондай-ақ тұрғын үйлерді, бизнес-орталықтарды, мәдениет пен спорт нысандарын жобалау, қоғамдық аймақтарды көріктендіру ісімен айналысады