«Алматыбасжоспар» ҒЗИ Жоғары білім берудің бірыңғай платформасына қол жеткізді
«Алматыбасжоспар» ҒЗИ оқу және ғылыми зерттеулер бөлімі мынадай мамандықтар бойынша магистратураға арналған білім беру бағдарламаларын әзірледі:
7М07301 – Сәулет (ғылыми-педагогикалық); 7М07302 – Сәулет (бейіндік); 7M07303 – Сәулет дизайны (ғылыми-педагогикалық); 7M07304 – Сәулет дизайны (бейіндік).
“
«ҒЗИ келесі оқу жылынан бастап сәулет саласындағы білім беру бағдарламаларын таңдаған магистранттардың алғашқы легін қабылдай бастайды. Бұл маңызды оқиға ғылыми-зерттеу институтын дамытудағы маңызды қадам болады. Институттың инновацияларға және жоғары білікті мамандарды дайындауға деген ұмтылысын көрсетеді», – деп атап өтті «Алматыбасжоспар» ҒЗИ ғылым жөніндегі директоры Бауыржан Ташметов.
Бауыржан Ташметов, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ ғылым жөніндегі директоры
Айта кетейік, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ – Жоғары білім берудің бірыңғай платформасына қол жеткізген алғашқы ғылыми-зерттеу институты. Магистранттар шетелдік және отандық жетекші ғалымдардың басшылығымен жұмыс істеуге, ірі жобаларға қатысуға және ұлттық және халықаралық деңгейдегі өзекті міндеттерді шешуге үлес қосуға бірегей мүмкіндік алады. «Алматыбасжоспар» ҒЗИ қазіргі сын-қатерлерге дайын зерттеушілердің жаңа буынын қалыптастыра отырып, Қазақстанның ғылыми әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
Сондай-ақ, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ білім беру бағдарламалары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгенін хабарлаймыз.