«Алматыгенплан» ҒЗИ» ЖШС ғылыми зерттеулер бөлімінің басшысы Жанат Айтілеудің айтуынша, институт базасында Алматы ЖОО студенттерін ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибелік сабақтарға тарту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ҒЗИ-да қала құрылысы саласында білім беру хабын құру процесі басталды, модераторлар мектебі жұмыс істейді.
Дөңгелек үстелде «ҰҒТЭО» АҚ басқарма төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Арман Қашқынбеков орталықтың 2023 жылғы табысты қызметінің қорытындысы мен лсы жылға арналған жоспарларын таныстырды.
Тараптар еліміздің ірі мегаполисі - Алматы қаласының орнықты дамуы үшін үздік ғылыми әзірлемелерді қолдану, оның ішінде экологиялық мәселелерді, жасыл көлікті, көгалдандыруды, орнықты ғимараттарды шешу, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу, ЖЭО-ны газ отынына ауыстыру бойынша өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қою туралы уағдаласты.
Талқылаудың негізгі тақырыптары көлік проблемаларын азайту, қала тұрғындарының мобильділігін жақсарту және жайлы қалалық орта құру болды. Дөңгелек үстелге қатысушылар идеялармен алмасты, ынтымақтастық стратегияларын әзірледі және жаңа серіктестіктер құрды.