Сараптаманың оң қорытындысын алған жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленді. "Қарасу" шағын ауданында рекреациялық аймақтың құрылысы 2020 жылдың екінші тоқсанында басталды.
Жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу кезінде «Шаровая молния» студиясы сәулетшілерінің эскиздік жоспарлары негізге алынды.
Тұрғындардың қалауы бойынша ЖСҚ-ға серуендеу аймақтары, жаңа амфитеатр, балалар және спорт алаңдары, сквер қосылды. Рекреациялық аймақтың жалпы ауданы шамамен жеті гектарды құрайды.