Жылдам әрі ыңғайлы: BRT бірінші учаскесінің жобасы мақұлданды
«Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты Райымбек даңғылы бойымен жүрдек автобус көлігіне арналған жолдың бірінші учаскесінің (BRT) жобасын іске асырудағы маңызды кезеңнің аяқталғанын хабарлады. Жоба мемлекеттік сараптамадан сәтті өтті. Ұзындығы 1,78 шақырым болатын бірінші учаске Пушкин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлікті қамтиды. Қазіргі кезде құрылыс-монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ) жүргізуге конкурстық рәсімдерді өткізуге дайындық жүріп жатыр.
«Бұл жоба қала көшелерінде кептелісті азайтуға және қоғамдық көліктің сапасын арттыруға бағытталған көлік инфрақұрылымын жақсарту стратегиясының бір бөлігі. Райымбек даңғылындағы BRT жобасын іске асыру Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін жылдам әрі ыңғайлы қоғамдық көлік жүрісін жақсарту үшін қолға алынып отыр», – деп атап өтті «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов.
Еске салсақ, BRT жолы Алтын орда көшесінен Жетісу көшесіне дейінгі аралықты қамтитытн болады. Жалпы ұзындығы – 17 км. Райымбек даңғылының Ахрименко көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі 1 кезеңін салу 2024 жылы басталады.

Бұл бөлік 2 кезекке бөлінген:

1 кезек: Пушкин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін.

2 кезек: Сейфулин даңғылынан Ахрименко көшесіне дейін.

2 кезең: Ахрименко көшесінен «Барлық» базарына дейін (2025-2026 жылдары).
«BRT – қоғамдық көлікке арналған арнайы линиялар. Бұл қаланың едәуір бөлігін қамтитын, қаланың қажетті нүктесіне тез және ыңғайлы жетуге мүмкіндік беретін жедел транзиттік дәліз жүйесі. Ыңғайлы маршруттар және қаланың шалғай аудандарына қосылу мүмкіндігі жасалады. Мысалы, Райымбек даңғылында BRT құру жобасын іске асыру кезінде бөлінген жолақтардың ұзындығы «Алтын Орда» көлік-трансплантациялау торабын қоса алғанда, өседі. Қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығы 70%-ға артады», - деді «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС көліктік жоспарлау бөлімінің басшысы Сергей Ященко.
Жақын арада құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға тендер жариялау жоспарланғане. Бұл шара ауқымды жобаны іске асыру жолындағы келесі қадам болады.
Дереккөз: «Алматыбасжоспар» баспасөз қызметі
Фото \ видео: «Алматыбасжоспар» баспасөз қызметі