«Бюджетке қатысу»
«Бюджетке қатысу»: Алматының Жетісу ауданында аулалар, скверлер мен спорт алаңдарын абаттандыру бойынша 18 жобаны жүзеге асыру басталды
Алматыда «Бюджетке қатысу» бойынша қалалықтар балалар мен ересектердің жаттығу алаңдарын, скверлер мен демалу орындарын абаттандырды

Биыл Жетісу ауданында 23 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылады

Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында «Бюджетке қатысу» бағдарламасын жүзеге асыру туралы айтып берді. Бағдарламаның арқасында ауданның кез келген тұрғыны ауланы, көшені немесе гүл бағын абаттандыру бойынша өз жобасын ұсына алды. Барлығы 18 жобаны іске асыруға 785 миллион теңге жұмсалды.

Қалалық ортаны дамыту бойынша әр адам алдын ала өз идеясын ұсына алады. Егер бастаманы басқа тұрғындар дауыс беру барысында қолдаса, оны қалалық бюджет есебінен әкімдік жүзеге асырады. Ұсыныстар негізінен аулаларды жөндеуге және қайта жаңартуға қатысты түсті.
«Аудан тұрғындары аумақты абаттандырып, оны серуендеуге де, көліктердің жүруіне де ыңғайлы еткісі келді. «Бюджетке қатысу» аясында ауланы жөндеу мүмкіндігі пайда болғаны жақсы болды, өйткені тұрғындар барлық жұмыстарды жүргізу үшін қомақты қаражат жинай алмайтын еді. Әрине, жөндеуден кейін тұрғындардың басты міндеті – жүргізілген абаттандыру жұмыстары жылдар бойы қызмет етуі үшін ауланы күтіп ұстау», - деп атап өтті Гүлнар Көкебаева брифинг барысында.
Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында 94 аулада ағымдағы жөндеу жұмыстары, ал 7 аулада күрделі жөндеу жүргізілетінін хабарлады. Жетісу ауданының 5 скверінде ағымдағы жөндеу жұмыстары (Назарбаев даңғылы бойымен, Айнабұлақ, Құлагер шағын аудандарында, Омаров көшесінің бойында, сонымен қатар Құлагер шағын ауданында Қонаев көшесінің бойымен) жүргізіліп, екі спорт алаңы, саябақ аймағы жөнделіп, 5 зират ретке келтіріледі. Бұл жобалардың бәрін қыркүйекке қарай аяқтайды.
Еске салсақ, «Бюджетке қатысу» жобасы Алматыда 2019 жылдың тамыз айында іске қосылды. Пилоттық жылдың қорытындысы бойынша 1,4 млрд теңге сомасына 55 жоба іске асырылуда, бірқатар жобалар аяқталып, пайдалануға берілді. Аталған жобаның арқасында қала тұрғындары қалада скейтпарк салып, сөйлейтін орындық орнатты, балалар мен ересектердің спортпен шұғылдануына арналған алаңдар, скверлер мен қала тұрғындарының демалыс орындары жабдықталды.
Биылғы жылы аула алаңдары мен скверлердің келбеті өзгереді. Жалпы Жетісу ауданын көгалдандыру жоспарлануда. Бүгінде Жетісу ауданы әкімінің аппараты 4500 ағаш отырғызды. Жаңа көшеттер Көкжиек шағын ауданында және Ангарская көшесінің бойында пайда болды. Алма, өрік, үйеңкі, шаған, терек, каштан, сирень отырғызылды. Бұдан басқа, 3500 ағашға санитарлық кесу жүргізілді.
«2021 жылы экологиялық ортаны жақсарту мақсатында Көкжиек шағын ауданында ағаштардың әртүрлі түрінен 22755 көшет егу жоспарланған. Ұсақ жапырақты, бұдыр жапырақты тоз, қазақстандық терек отырғызылады», - деді аудан әкімі.
Күзде өтемдік егу жұмыстары ретінде Көкжиек шағын ауданында Тихов көшесінің бойында, Аэродромная тұйық көшесінде, Первомай мұнай базасы ауданында, Крылов гүлзары мен Ангарская көшесінің бойында 4000 түрлі ағаш көшетті отырғызу жоспарланған.