«Жетісу бір кездері Орталық Азияның ғана емес, бүкіл түркі әлемінің мәдени және саяси өмірінің орталығы болды», - деп санайды Turk Tengri қорының президенті. Ал Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болды және солай болып қала бермек, деп есептейді Ерлан Еспенбетов. Сондықтан қалаға мұражайлар, мәдени және арт-объектілер көптеп қажет. Олар тек тарихи орталықта ғана емес, жаңа полиорталықтарда да болуы керек. Бұдан бөлек, қоғамдық көлікті одан әрі дамыту қажет. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына қаланың кез келген жеріне еш қиындықсыз жетуге мүмкіндік береді және кептеліс мәселесін шешуге септігін тигізеді, деп бөлісті өз ойымен қонағымыз. Ерлан Еспенбетов қалалық қауымдастықтарды біріктіру және жобаларға инженерлерді, тарихшыларды, креативті индустриялар, IT және т.б. салалардан мамандарды тарту бойынша qlab.almaty мүмкіндіктерін бағалады.
Біз қазақ тілінің мәртебесін көтеру және көне түркі тілін зерттеу туралы және осы бағытта Turk Tengri түркі руникалық жазуын, мәдениеті мен тарихын зерттеу және танымал ету жөніндегі қордың атқарып жатқан қызметі туралы әңгімелестік.
Ұлттық құндылықтар, түркі әлемінің мәдени мұрасы, Ерлан Еспенбетовтің бір сағат ішінде түркі тілін үйрену жөніндегі авторлық әдістемесі, Алматыға деген сүйіспеншілігі және оның даму перспективалары туралы: