Сыбайлас жемқорлыққа қарсы диалог: мемлекеттік қызметтегі ашықтық және этика
2025 жылғы 15 сәуірде «Алматыбасжоспар ҒЗИ» ЖШС-де уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Іс-шара спикерлері:
  • Мамай Қаниұлы Ахетов – Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, Алматы қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі;
  • Шавкет Метхатович Турдиев – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы;
  • Эльмира Биляловна Таубаева – Алматы қаласы Алмалы ауданының «Алматы адалдық алаңы» басшысы.

Кеңесте талқыланған негізгі мәселелер:
  • ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының өзекті талаптары;
  • Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын сақтау;
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шаралары;
  • Адалдық, ашықтық және қоғамға қызмет ету қағидаттары.

Фото: Мамай Ахетов

Әкім кеңесшісі Мамай Қаниұлы Ахетов өз сөзінде былай деді:
«Қазіргі заманда әрбір мемлекеттік қызметші қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінуі тиіс. Біз тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау ғана емес, кез келген жемқорлық көрінісіне төзбеушілік мәдениетін де қалыптастыруға міндеттіміз. Ашықтық, есеп берушілік және әдептілік – әрбір мемлекеттік қызметшінің ажырамас қасиеттеріне айналуы керек».
Кеңес қорытындысы:

  • Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстану расталды;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді күшейтуге бағытталған қосымша шаралар айқындалды;
  • Болашақтағы өзара ынтымақтастықтың бағыттары белгіленді.
Дереккөз: «Алматыбасжоспар» баспасөз қызметі
Фото: «Алматыбасжоспар» баспасөз қызметі