Жазғы алаңдар мен дизайн-код: Алматы рестораторларының пікірі
Алматы мейрамханаларының жазғы алаңдары қалалық ортаның маңызды бөлігі және олардың қолданыстағы дизайн-код шеңберінде сыртқы безендірілуі мейрамхана бизнесі өкілдері арасында қызу талқыланды.
Жақында Атамекен ҰКП, Рестораторлар клубы қауымдастығыныңөкілдері, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ жобасының бас сәулетшісі Тахмина Сафоевамен бірлесіп дизайн-кодтың бағыттары бойынша, соның ішінде мейрамханалар мен жазғы алаңдар бойынша брендбуктерді тағы да талқылады.
Сур. 1
Қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы жазғы алаңдар элементтерін безендірудің әртүрлі түрлері ғимараттың қасбетінің сәулеттік келбетін бұзады
Жалпы, бизнес өкілдері дизайн-код шеңберінде болатын өзгерістерге қарсы емес. Мәселен, «Светлое будущее» кафесінің иесі Бақтияр Махсутов алаңның сыртқы келбетін мекеме тұжырымдамасына сәйкестендірудің маңызын атап өтті.
«Концептуалдылық маған мекеменің стиліне сәйкес келегенде, ғимараттың келбетін бұзбай, орамның жалпы стиліне сәйкес келгенде ұнайды», - деді кәсіпкер.
Бұл пікірді кездесудің басқа қатысушылары да қолдап, әр жазғы алаң ғимараттар мен көшелердің жалпы сәулеттік стилімен үйлесуі керек екенін атап өтті.
Тахмина Сафоева мейрамханалар мен кафелер әрдайым көзге түсетінін және қаланың тағам тұрғысынан болсын, сыртқы келбеті тұрғысынан болсын өзіндік «еркешелігі» екенін, алматылықтар мен туристер үшін тартылыс орталығы болып табылатынын атап өтті.
Мекемелер бәсекелестер арасында ерекшеленуге тырысқанда, көбінесе кері нәтижеге тап болады: бей-берекет, шамадан тыс безендіру ықтимал клиенттерді айнытады. Кафелер мен мейрамханалардың жазғы террасалары, сыртқы жарнама сияқты, ғимараттар мен жалпы ауданның қасбеттерінің көрінісін бұзуы мүмкін. Дизайн-код мекемелердің даралығын сақтай отырып, қалалық ландшафтпен үйлестіріп, олардың сыртқы түрін құрылымдауға көмектеседі. Тахмина Сафоева егер кәсіпкерлерде маңдайшалардың немесе жазғы алаңдардың дизайны бойынша сұрақтар туындаса, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ немесе Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мамандарынан Абай даңғылы, 90 мекенжайы бойынша кеңес алуға болатынын еске салды.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2023 жылдың соңына қарай Алматыда 351 мейрамхана, сондай-ақ 700-ге жуық асхана жұмыс істеді. Биылғы жылы асханалардың саны екі есеге дерлік өсті (48%). Бұл жазғы террасалар мен асханалар жұртшылық арасында өте танымал екенін растайды.
Кәсіпкерлер өз проблемаларымен де бөлісті – лицензия алу мен тексерудегі қиындықтардан бастап, су тарту қиыншылықтарына дейін.
Қолданыстағы ережелер кәсіпкерден жазғы алаңды орналастыру үшін жер учаскесінің болуын талап етеді. Алайда, бос учаскелердің болмауына байланысты кәсіпкерлер жазғы алаңды орнатуға рұқсат алу жүйесін жеңілдету қажеттілігі мәселесін үнемі көтереді.
“
«Рұқсат алу рәсімін жеңіл қылса деймін. Кейде оларды алғаннан кейін бірден тексерулермен келеді. Жылдар бойы ештеңе өзгермегенімен, лицензия тек бір маусымға беріледі. Неге оны бірден бірнеше жылға ұзартпасқа?»,- деп сұрады мейрамханалардың бірінің иесі Жанар Исмаилова.
Семинарға қатысушылардың пікірінше, жазғы алаңдардың сыртқы келбетін жақсарту үшін қаланың дизайн-кодын сақтау ғана емес, сонымен қатар бюрократиялық рәсімдерді жеңілдету, сондай-ақ тұрғындармен және билікпен неғұрлым икемді өзара әркеттесуді ретке келтіру қажет. Дәл осындай жобалық кездесулер процестің барлық қатысушылары арасында нәтижелі диалог құруға көмектеседі, бұл әркімге өз пікірімен бөлісуге және болашақта барлық тараптардың мүдделерін ескеруге мүмкіндік береді, деп атап өтті кәсіпкерлер.