Мегаполис «Солтүстік», «Батыс», «Оңтүстік-батыс», «Шығыс қақпасы» және «Тарихи орталық» болып беске бөлінбек. Мысалы, «Солтүстік» полиорталығы – жоба бойынша Алматы-1 теміржол станциясына іргелес аумақта орналасады. «Шығыс қақпасы» Құлжа және Бұқтырма көшелерінің қиылысында құрылады. «Батыс» политорталығын Яссауи көшесінен батысқа қарай дамыту жоспарланған. «Оңтүстік-батыс» полиорталығы Райымбек даңғылы мен ұзаратын Алатау көшесінің қиылысында орналасады. Бұл аумақтарда шағын-өнеркәсіптік парктер, сауда және логистика нысандары, сондай-ақ индустриялық кәсіпорындар салынбақ.