«Алматыбасжоспар» ҒЗИ-да ғылыми журнал жарық көрді
Ғылыми-зерттеу институтының «Uly dala» ғылыми журналы әлеуметтік және қалалық зерттеулерге бағытталған. Әр шығарылымда түпнұсқа мақалалар, сондай-ақ сұхбаттар, рецензиялар жарияланады.
Журналды басып шығарудың негізгі мақсаты қалалық және әлеуметтік зерттеулер саласындағы өзекті іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау болып табылады.
“
«Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» ғылыми бөлімі салалық ғылыми зертетулерге арналған журнал шығаруға бастамашы болды. Журналды дамыту үшін сарапшылар, мамандарды идея, тәжірибелерін бөлісуге шақырамын. Осылайша біз неғұрлым тұрақты, креатив және функциялық сәулет шешімдерін бірге құра аламыз», - деп атап өтті Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Нұрлан Боранбаев.
Руководитель Управления городского планирования и урбанистики Нурлан Буранбаев
Бірінші шығарылымға мынадай материалдар кірді: Алматы қаласындағы ауа сапасына әсер ететін аспектілер және ықтимал жоспарлау шешімдері, Қала тұрғынының сауалнамасын әзірлеушілермен сұхбат, реттеудің ұтқыр тәжірибелері, соның ішінде дизайн-код және халықтың қатысу бюджеті, өңірлердегі ауылдық көші-қон және үйге деген көзқарас, қалалық қоғамдастықтар мен жаңа тұрғын үй кешендеріндегі жаңа орта таптың қалыптасуы және т.б.
Фото: Генеральный директор ТОО «НИИ «Алматыгенплан» Асхат Садуов
“
«Журналдың ғылыми басылымдарында қала құрылысы, қала және одан тыс жерлердегі әлеуметтік қатынастар, экология, ландшафт және қоршаған ортаны жобалау мәселелері талқыланады. Материалдардың басым бөлігі әлеуметтік-экономикалық зерттеулер, құқықтық реттеуді талдау, қалалық және өңірлік жоспарлау, аумақтардың инфрақұрылымдық және мәдени даму, табиғи және қалалық ортаны, көлік пен ұтқырлықты дамытуға арналады», - дейді «Алматы бас жоспары» ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов.
Авторлардың айтуынша, журнал заманауи сәулет пен қала құрылысының өзекті мәселелерін талқылау және шешу, озық әдістемелік, ұйымдастырушылық және басқару тәжірибесін анықтау және тарату үшін бірыңғай коммуникациялық алаң құруға ықпал ететін болады.
Фото: Директор по науке ТОО «НИИ «Алматыгенплан» Ерлан Салтыков
“
«Ғылыми басылым ҒЗИ-дың жобалары, әзірлемелері мен қызметін көрсететін болады. Мысалы, «Алматыбасжоспар» қаланың аэрациясын әзірлеуге қатысты, қазір қала аумағындағы барлық тарихи ескерткіш пен қорғандарды түгендеу бойынша жұмыстар, халықаралық тәжірибе алмасу жүргізіліп жатыр. Біз барлық ғылыми жұмыс туралы журналымызда жазатын боламыз, сондай-ақ урбанистер, сәулетшілерді журналдың дамуына өз үлестерін қосуға шақырамыз», - деді «Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС ғылым бойынша директоры Ерлан Салтыков.
Журнал жылына төрт рет шығады. Журналдың бірінші басылымының толық мазмұнымен сілтеме арқылы танысуға болады.
Дереккөз: «Алматыбасжоспар» Фото: «Алматыбасжоспар» ҒЗИ баспасөз қызметі