Алматыда қала дизайн-кодына сәйкес 18 навигациялық стела жаңартылды. Қалалық навигацияның дизайны мен қағидаттары«Алматыбасжоспар» ҒЗИ мамандарымен әзірленді. Жобаны іске асыру үшін әзірлемелер Visit Almaty-ға жіберілді.
Әр стелада екі карта салынған: оның бірі 15 минутқа шақталған картамен қала бойымен ұзақ маршруттарды бағдарлауға болады, ал 5-минуттық карта жақын маңдағы объектілер жайында ақпарат береді. Жоба аясында Рысқұлов даңғылы, шығыс айналма жол, әл-Фараби даңғылы және Сайын көшесі төңірегіндегі «шеңбер» қалалықтар үшін басты бағдар болып қала бермек.