Қазақстанда құрылыс салудың жаңа шарттары енгізілді
Стройка. Иллюстративное фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков
Қазақстанда құрылыс объектілерін пайдалануға берудің жаңа өлшемі енгізілді. Бұл туралы NUR.KZ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына өзгерістер енгізілгені хабарланды.
«Енді салынған объектілерді (кешендерді) пайдалануға қабылдау объектінің құрылысына бөлінген аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар орындалғаннан кейін жүзеге асырылады», – деп түсіндірді ведомствода.
Мамандар көгалдандыру қоршаған ортаның экологиялық жағдайын және учаскенің сыртқы түрін жақсартады, сонымен қатар тұрғындардың эмоционалды жағдайына жағымды әсер етеді және үлкен эстетикалық құндылыққа ие екенін атап өтті.
дереккөз: nur.kz