ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ

«Егжей-тегжейлі жоспарлау
жобасы
н» әзірлеу бойынша

Күні: 29.01.2021 сағат 17:00
Келесі тақырыптарға қоғамдық талқылау өтеді:

1. Жандосов көшесінің оңтүстігі, Щепкин көшесінің батысы және Саин көшесінің батысы, Рысқұлбеков даңғылының солтүстігі, Таугүл-3 ш/а шекараларында аумақты егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу, аумағы 240 га.

2. 401 га аумақты егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы, Төле би көшесінің оңтүстігі, Райымбек даңғылы, Саин көшесінің батысы, Шаляпин көшесінің солтүстігі, Момышұлы көшесінің шығысы шекараларында (Ақсай, Жетісу шағын аудандары)

3. Рысқұлов көшесінің оңтүстігі, Навои көшесінің батысы, Дулати даңғылының батысы, Асқаров көшесінің шығысы шекарасында 515 га аумақты егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы.

4. Райымбек даңғылының оңтүстігіне қарай, Саин көшесінің шығысына қарай, Жандосов көшесінің солтүстігіне қарай, Сайран көлінің шығыс жағалау белдеуі шекараларындағы аумақты егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету, 977 га аумақта.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 90 («Алматыбасжоспар» ғимараты»)

Назар аударыңыз! Кездесудің барлық қатысушылары эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндетті (бетперде мен қолғап болуы керек)