Алматыда аулалар мен көшелерді тазарту науқаны басталды
Әрбір алматылық 30 күн ішінде «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны барысында қаланы көгалдандыру, қоқыс пен былтырғы ағаш жапырақтарынан тазартуға өз үлесін қоса алады.
Қала әкімі «Алматы – біздің ортақ үйіміз» айлық науқанының басталғаны туралы хабарлады. Тұрғындарға жолдаған үндеуінде Ерболат Досаев тұрғындардың әрқайсысын Алматыны дамытуға және абаттандыруға бағытталған жалпы іс-шараларға қатысуға шақырды.
“
«Мақсат – біздің сүйікті қаламыз одан да көрікті де әдемі болуы үшін жанашыр тұрғындарды біріктіру. Мәселе тек тазалық пен тәртіпте ғана емес, қоршаған ортамызға күтіммен қарауда», – деп атап өтті қала басшысы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көктем – үй, аула, туған қаланың көшелерін жаңғырту және ретке келтіру кезі.
“
«Іс-шараның мақсаты – қаламызда тазарту жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, бірлік рухын ояту, өскелең ұрпақты табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу, қала тұрғындарының назарын ластану проблемасына аударту», - деп атап өтті Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Нұрлан Боранбаев
“
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» іс-шарасы жаңа, тың нәрсе сияқты көрінуі мүмкін. Бұл жерде жаңа ештеңе де жоқ. Алматы 70-80 жылдары тек мәдениеті тұрғындар шаңырағы болды. Бұл әркім ойын ережелерін жақсы түсінетін өзіндік субмәдениет болды. Ешкім кәмпит орамдарын лақтырған жоқ, көшеде ешкім түкірген жоқ, темекі тұқылын лақтырған жоқ. Иә, халықтық мерекелерде бірлі-екілі келеңсіз жайттар орын алған. Сонда да адамдар өз қаласын таза ұстауға, ағаш егуге, ағаштар діңгегін ағартуға тырысты, нақты бір генокод болды. Алматыда тұратындардың бәрі, осында туып-өскені болсын не өзге жақтан келгені болсын, барлығы ортақ идеяны, ортақ мәдениетті тез бойына сіңірді», - дейді іс-шараның бастамашысы, ECO Network жобасының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов.
Спикердің айтуынша, қазір бұл өткен тәжірибені баяу, біртіндеп жандандыру талпынысы ғана, өйткені біз ақыры, 90-шы жылдардағы «жаппай кедейліктен» шықтық. Нөлінші, оныншы жылдар – енді ғана халықтың әл-ауқаты өсе бастады және қоғамның күрт жіктелуіне байланысты мәдениетке баса назар аударылған жоқ.
“
«Қазір Алматы азды-көпті мегаполиске айналды, ол қоғам мәдениеттілігінің үлгісі бола алады. Бұл әл-ауқаттың азды-көпті теңестірілуіне байланысты мүмкін, өз істерін сәтті дөңгелетіп жатқан шағын және орта бизнес көптеп саналады. Жұмыс орындары да әжептәуір және көп ретте жұмыс беруші әлдеқандай құрамдас бөліктерді таба алмайды – олар болса тұрақтылықты қалыптастырады. Бір сөзбен айтқанда, халықтың көп бөлігі өздерін жайлы сезінеді. Сондықтан бұл субмәдениетті тәрбиелеуге болады», – дейді Евгений Мұхамеджанов.
Соңғы аптада жалпы қалалық және жергілікті сенбіліктер өтеді. Тау бөктерінде, тау соқпақтарында, өзендер мен көлдердің жағалауларындағы тазалау шараларына ерекше көңіл аударылады. Осылайша, алматылықтардың назары Алматының табиғи байлығына ұқыпты қарауға аударылады. Сонымен қатар, қала тарихына құрметпен қарауға баса назар аударылады – ескерткіштер, тарихи және көрнекті орындар айналасындағы аумақтар ретке келтіріледі. ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, ардагерлер ұйымдары, еріктілер тартылады. Іс-шараның қорытындысы шығарылады және жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталады. Науқан «Қоқыстарды жеңу» шеруімен аяқталатын болады.
“
«Бұл акцияның бірнеше құрамдас факторлары бар. Бірінші фактор – өзімізге, бәрімізге бұл біздің қала екенін және оның тазалығына бәріміз жауапты екенімізді еске салу. Біз - алматылықтар мәдениетті екендігімізді көрсету. Осы айда біз жасауымыз керек екінші нәрсе – қаланың басты іс-шараларының айналасында көптеген адамдарды біріктіру. Яғни, онсыз да жақсы болып жатқанды еселеу, масштабтау. Қолда бар жобалардан үлкен әсер мен нәтиже алу үшін. Үшіншіден, ең бастысы, бұл бағдарлама әйтеуір оны өткізу үшін ғана өткізілмеуі керек, әдеттегідей, басын бастап, аяғына дейін жеткізбеу деген сөз емес. Дегенмен, бағдарлама жақсы формуланы іске қосуға, масштабтауға үйрену, қалаға керексіз, оған тән емес нәрселерді жасамауға үйрену үшін қажет. Екі айдан кейін қайта бұрынғы жағдайға оралмай, тайға таңба басқандай ережеге айналып, қаланы тазалықта ұстауға үйренуіміз қажет», – деп қорытындылады Евгений Мұхамеджанов.
Сонымен бірге, қоршаған ортаның ластануы мен тұрмыстық қоқыстар бүкіл адамзат үшін экологиялық проблема болып табылады. Тұтыну көлемі артып келеді -қалдықтар көбейеді. Алматыда экология және қоршаған орта басқармасының деректері бойынша қаладан шығарылатын қалдықтардың көлемі тәулігіне 1300 тоннаны құрайды. Сондай-ақ қоқыстың көп мөлшері рұқсат етілмеген жерлерде шашылуда.
Алматылықтардың сүйікті қаламыздың ең жақсы және әдемі деген мәртебесін растауына күш салуға тамаша мүмкіндігі бар.
Дереккөз: Алматыбасжоспар Иллюстрациялар: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Е. Мұхамеджанов мұрағаты