Жүректен жүрекке: «Алматыбасжоспар» ҒЗИ су басқан өңірлерге көмек көрсетті
«Алматыбасжоспар» ҒЗИ қызметкерлері бір күндік табысын су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмекке аударды.
Қазір кезде солтүстік және батыс өңірлерде бүтін аудандар мен ауылдар су астына кетті. Су тасқыны инфрақұрылымның елеулі бұзылуына әкеліп соғады, ауыл шаруашылығы мен экономикаға орасан зор зиян келтіреді. Ең бастысы адам өміріне қауіп төніп тұр.
Су басқан өңірлерге еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек пен техника жөнелтіліп жатыр, жүздеген маман көмекке аттанды.
“
«Су тасқыны сияқты табиғи апаттар орын алғанда халықтың ауызбірлігі апатқа қарсы тұру және салдарын қалпына келтірудің кілті болады. Наурыздың соңында Қазақстанның батысында су тасқыны басталды, су басу қаупі әлі де сақталып отыр. Біз қиын уақытта отандастарымызды қолдағымыз келеді және барша халықты зардап шеккен өңірлерге көмектесуге шақырамыз», - деп атап өтті «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов.
Бұған дейін Алматы әкімдігі Батыс Қазақстанға қызмет көрсететін персоналы бар арнайы мақсаттағы техника мен машиналарды жіберген болатын. ҚР ТЖМ хабарлауынша, өткен тәулікте Қазақстанда азаматтық қорғау қызметтерімен 108 мың адам, оның ішінде 38 мың бала эвакуацияланды. Осы уақытқа дейін 11 мың адам үйіне оралды.
Дереккөз: «Алматыбасжоспар» Фото: «Алматыбасжоспар» ҒЗИ баспасөз қызметі