Алматы әкімдігі бекіткен егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобалары нүктелі құрылысқа тыйым салады. Жаңа ЕТЖ қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес әзірленді, онда мегаполисті дамытудың моноцентристік моделінен полицентристікке көшу қағидасы жатыр.
Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы жаңа ЕТЖ-да қазақстандық қала құрылысы тәжірибесінде алғаш рет ақылға қонымды тығыздықтағы тоқсандық құрылыс және барлық көшенің қызыл сызығы қолданылатынын атап өтті. Бұл ретсіз және нүктелі құрылысқа тыйым салып, қайта жаңартуда да, жаңа құрылыс кезінде де көше-жол желісін ретке келтіреді.