ПОСТ-РЕЛИЗ
Алматыда 2021 жылғы 1 мамырда сағат 11:00-де онлайн-форматта Манас-Ғабдуллин-Әуезов-Бұқар Жырау көшелерінің шекарасындағы орамда құрылыс салу бойынша қоғамдық талқылау өтті.
Бұған дейін Алматыда 2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын қайта жаңарту бағдарламасы қабылданды деп жарияланған болатын. Бұл бағдарламаға келесі мекенжайлар бойынша үйлер кірді:
- Манас к-сі, 77 а, Манас к-сі, 77 б, Манас к-сі, 75 г.;
- Ғабдуллин к-сі, 65, Ғабдуллин к-сі, 67 б, Ғабдуллин к-сі, 69;
- Әуезов көшесі, 122 а,Әуезов көшесі, 122 б,Әуезов көшесі, 122 в;
- Әуезов көшесі, 126 а, Әуезов көшесі, 126 б, Әуезов көшесі, 126 в.
«К7 GROUP» құрылыс холдингі орам (квартал) тұрғындары мен жұртшылықтың пікірлері мен ұсыныстарын білу мақсатында қоғамдық талқылаулар өткізді. Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу жөніндегі шаралардың күшеюіне байланысты қатысу форматы онлайн-форматқа ауыстырылды.
«К7 GROUP» құрылыс холдингі эскиздері бар Манас-Ғабдуллин-Әуезов-Бұқар Жырау көшелері шекарасындағы орамды дамытудың тұжырымдамалық жоспарын ұсынды. Бұл жобада құрылыстың төрт кезегі қарастырылған, олар 2025 жылдың соңына дейін есептелген. Тұрғын үй кешенінің құрылысы жаңа балалар және спорт алаңдарын орналастыруды, аумақты көгалдандыруды және орамның инфрақұрылымын жаңартуды көздейді.