Алматы қаласында 26 шілде сағат 10:00-де жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтті.
«Алматыбасжоспар» ҒЗИ қызметкерлері құлақтандыру қондырғылары іске қосылған кезде эвакуациялау талаптарына сәйкес көшеге – алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға қосалқы сатымен түсті. Қауіпсіз жерде бола отырып, қызметкерлер интернет-ресурстар және мобильді қосымшалардағы ақпаратпен танысып, қалыптасқан жағдайда одан әрі әрекет ету жөніндегі нұсқаулықтарды алды.ТЖ кезіндегі іс-қимылдар бойынша нұсқама жүргізгеннен кейін мамандар жұмысқа қайта оралды.
Жер сілкінісі кезінде халықты хабардар ету бойынша оқу-жаттығуларды Алматы ТЖД ұйымдастырды.