«Алатау» метро станциясы неге ерекше?
Алматы метрополитенінің іске қосылғанына биыл 13 жыл толады. «Райымбек батыр» – «Алатау» алғаш іске қосылған учаскесі 2011 жылдың 1 желтоқсанында ашылды. Сонда жеті станция іске қосылған болатын. Қазір метрода 11 станция бар және жылдан жылға жерасты жүрдек көлігіне сұраныс артып келеді.


Бастауы

Алматы метрополитені құрылысының алғашқы тасы 1988 жылдың 7 қыркүйегінде қаланды. 1978 жылы Алматының бас жоспары бекітіліп, онда алғашқы метро жолы көрсетілді. Бірқатар жағдайға байланысты (КСРО-ның ыдырауы, бюджеттің жетіспеушілігі және т.б.) метро 20 жылдан астам уақыт бойы салынды. Сол кездері қала тұрғындары, сарапшылар, журналистердің көбі Алматы метрополитені ең ұзақ мерзімді жерасты құрылысы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енуге лайық деп әзілдеген болатын. Дегенмен, метро іске қосылды. Алғашқы станциялар ашылғаннан кейін бірден жоғары қолданысқа ие болды, сұраныс жыл сайын өсіп келеді.
«Алматы үшін метрополитен аса қажет болды. Өйткені үлкен қалалар үшін қоғамдық көліктің баламалы түрлері әрқашан өзекті. Метро, ЛРТ, БРТ сияқты заманауи көліктерді «ақылды қала» тұжырымдамасына оңай біріктіруге болады. Бұл көлік ағындарын оңтайландыру, қозғалыс деректерін жинау және жолаушылардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді», - дейді «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов.
Үлкен тізбектің бөлшегі

Метро – Алматының көлік қаңқасының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Еске салсақ, көлік қаңқасынының мастер-жоспары осы жылдың басында бекітілген болатын.
«Көлік қаңқасының моделі үздік әлемдік тәжірибелерді ескере отырып және қаладағы түрлі аймақтардың тартымдылығын, жұмыс орындарының шоғырлануын талдау негізінде қалыптасты. Қазір Алматыда шартты түрде жұмыс орындарының 70%-ы шоғырланған тораптың 3 аймағы бар. Метро – үлкен тізбектің бөлігі және оның құрылысы жалғасады. Метроеың қазіргі желісі қаланың батыс шекарасына дейін созылатын болады. Бірінші желінің тағы төрт станциясын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті «Алматыбасжоспар» ҒЗИ көліктік жоспарлау бөлімінің басшысы Сергей Ященко.
Сейсмобезопасный вид транспорта

Землетрясения, зафиксированные в Алматы в начале года, заставили горожан задаться вопросом безопасности езды на подземном транспорте. Напомним, что во всем мире в сейсмически опасных районах строятся метро. Мировая практика, а также анализ строительства показывают, что глубокие подземные сооружения являются наиболее сейсмостойкими. По законам физики, при подземных толчках амплитуда колебания наверху больше, чем внизу, говорят эксперты. По данным КГП «Метрополитен» условия активной сейсмичности Алматы в обязательном порядке отражаются в проектах. Учитывается опыт строительства подобных объектов в других регионах (в том же Ташкенте). Это было доказано на примере землетрясений в Мехико, Сан-Франциско и др. городах.

Также в Алматинском метро внедрили около 30 автоматизированных систем безопасности. Работает ситуационный центр, который контролирует объекты метрополитена и синхронизирует все данные с центром автоматизированного наблюдения ДВД.

Уникальная станция

Из 11 действующих станции метро станция «Алатау», расположенная у здания НИИ «Алматыгенплан» на пересечении пр. Абая и ул. Жарокова, уникальная. Её особенность в том, что платформы здесь расположены по бокам, а не по середине, как на всех других.

По данным КГП «Метрополитен» станция «Алатау» мелкого заложения односводчатая с двумя боковыми посадочными платформами по краям, между которыми проходят пути. Все другие станции имеют общий перрон, а пути - по бокам. По исследованию Q-lab, это не связано с составом грунта и других особенностей, это был скорее эксперимент проектировщиков. По ранним исследованиям геологов было заявлено, что все грунты под Алматы одинаковые. В основном спрессованный песок и галечник. Даже в так называемых местах «разлома» состав грунта не меняется.

Из комментариев в https://www.instagram.com/p/C7y6Xo0Pg7y/:
Alibrayev. Станция Алатау входит в первую очередь строительства, ее проектировали ещё при СССР. Архитекторы тогда решили сделать Алатау кроссплатформенной пересадкой, поэтому пути под Жарокова были построены в одном тоннеле. Уже при Н. Назарбаеве, когда возобновилось строительство, решили отказаться от кроссплатформенной пересадки на этой станции, а поскольку подводящие пути были соединены в один тоннель, пришлось строить станцию с боковыми платформами.
Сейсмикалық қауіпсіз көлік

Жыл басында Алматыда болған жер сілкінісі қала тұрғындарын жерасты көлігімен жүру қауіпсіздігі туралы ойландырды. Еске салсақ, бүкіл әлемде сейсмикалық қауіпті аудандарда метро қарқынды салынып жатыр. Әлемдік тәжірибе, сондай-ақ құрылысты талдау терең жерасты құрылыстарының жер сілкінісіне ең төзімді екенін көрсетеді. Физика заңдарына сәйкес, жер асты дүмпулерінде тербеліс амплитудасы тереңге қарағанда жоғарыда үлкен, дейді сарапшылар. «Метрополитен» КМК мәліметтері бойынша, Алматының белсенді сейсмикалылық сипаттары міндетті түрде жобаларда көрсетіледі. Басқа өңірлерде (Ташкентте) осындай объектілерді салу тәжірибесі ескеріледі. Бұл Мехико, Сан-Франциско және басқа қалалардағы жер сілкіністерінің мысалында дәлелденді.


Сондай-ақ, Алматы метросында 30-ға жуық автоматтандырылған қауіпсіздік жүйесі енгізілді. Метрополитен объектілерін бақылайтын және барлық деректі ІІД автоматтандырылған бақылау орталығымен үйлестіретін ахуалдық орталық жұмыс істейді.

Бірегей станция

Жұмыс істеп тұрған 11 метро станциясының ішінен «Алматыбасжоспар»ҒЗИ ғимаратының жанында, Абай даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында орналасқан «Алатау» станциясының ерекшелігі бар. «Алатауда» пойыз күту платформалары басқа станцияларда сияқты ортасында емес, бүйір жақтарында орналасқан.

«Метрополитен» КМК мәліметтері бойынша, «Алатау» станциясы таяз төселген, бір доғалы, шеттерінде екі бүйірлік қону платформасы бар, олардың арасында жолдар өтеді. Барлық басқа станцияның ортақ перроны бар бар болса, ал жолдары – бүйір жақтарында. «Алматыбасжоспар» ҒЗИ жанындағы Q-lab орталығының зерттеуі бойынша, бұл топырақтың құрамы және басқа ерекшеліктерімен байланысты емес. Рельстің өзгеше болуы – жобалаушылардың эксперименті болуы әбден мүмкін. Геологтардың алғашқы зерттеулерінде Алматының астындағы барлық топырақ бірдей екендігі айтылды. Негізінен нығыздалған құм және малтатас. Тіпті сейсмикалық қауіпті «жарықтарда» да топырақтың құрамы өзгермейді.

Алатау станциясының интерьерлерінде суретшілер Г. Ешкенов пен А. Жамхан салған тау пейзажы және қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген халықтардың ежелгі рәміздерінің элементтері пайдаланылды.


Абай станциясының да өзгешелігі бар. Туннельдің максималды тереңдігі – шамамен 80 метр. Сонымен бірге бұл станцияда ең ұзын эскалатор орнатылған. Оның ұзындығы – 104 метр, экскалатормен жүріске шамамен 4 минут жұмсалады.

Алатау және Абай станциялары Алматы метросының жалғыз бірегей құрамдас бөлігі емес. Тағы бір ерекшелік – шпалы жоқ рельстер. Алматы метрополитенін салу кезінде ТМД аумағында алғаш рет құрылыс кезінде шпалдарды пайдаланудан бас тарту туралы шешім қабылданды. Оның орнына монолитті темірбетон негізге төсеудің инновациялық әдісі енгізілді. Бұл технология қозғалыс қауіпсіздігі мен жолаушылардың жайлылығын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар жолдың жоғарғы бөлігінің қызмет ету мерзімін арттырады. Қазіргі кезде мұндай технология Батыс Еуропаның кейбір елдерінде ғана қолданылады.

Жылдам және қолжетімді:

«Метрополитен» КМК талдауына сәйкес метромен тәулігіне 100 мыңға дейін жолаушы жүреді. Осыған байланысты қосымша жылжымалы құрамды іске қосу туралы шешім қабылданды. Әр құрам жалпы сыйымдылығы 900 адамнан асатын 4 вагоннан тұрады. Сондай-ақ құрамдар саны артты. Енді қарбалас уақытта желіде вагондардың 11 құрамы жүреді. Бұл шара қозғалыс аралығын 5 минут 38 секундқа дейін азайтты.

Жаңа станциялар қашан ашылады

Әкімдіктің мәліметі бойынша, 2025-2026 жылдары «Қалқаман» метро станциясы ашылатын болады. 2027 жылға қарай ұзындығы 5,3 км «Барлық» станциясына дейін желі салынады. «Қалқаман» метро станциясы жолаушылар ағынын тәулігіне 20 мың адамға арттыруға мүмкіндік береді, ал «Барлық» базарына дейінгі үш станция базар ауданында салуды жоспарлап отырған ірі мультимодальды көліктік-ауысып отыру торабына апаратын болады. Торапқа Батыс автовокзалы, LRT және метро станциялары кіретін болады. «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейін метро желісін салудың нормативтік мерзімі 46 айды құрайды, яғни шамамен 2027 жылдың соңына дейін жұмыс аяқталатын болады.
Дереккөз: «Алматыбасжоспар»
Фото \ видео: «Алматыбасжоспар» баспасөз қызметі