Бей-берекет сауда орындары мен дизайн-код: ретсіздіктен эстетикаға
2024 жылғы 20 мамырда «Алматыбасжоспар» ҒЗИ алаңында Алматы қаласының дизайн-кодының «Стационарлық емес сауда объекті» бөлімін талқылау бойынша жобалық семинар өтті.

Семинарға бизнес-қоғамдастық өкілдері мен Алматы қаласының тұрғындары, «Атамекен» ӨКП, Астана қаласы әкімдігінің «Астана-жарнама» КММ және «Алматыбасжоспар» ҒЗИ өкілдері қатысты.
Семинарды ұйымдастырушылар кәсіпкерлерді стационарлық емес сауда объектілеріне арналған жұмыс талаптары және қағидаларымен таныстырды.

Дизайн-код жобасының бас сәулетшісі Тахмина Сафоева стационарлық емес сауда объектінің маңдайша жазуы қасбет бөлігінде бір бірліктен аспайтын мөлшерде арнайы бөлінген жерде орнатылатынын атап өтті. Түр бойынша сауда объектінің эскиздік жобасы жергілікті жердің сәулеттік-көркемдік келбеті мен эстетикалық сипаттамаларын сақтай отырып әзірленеді. Сауда объектілері павильондарын габариттерден шығатын немесе бөлінген аймақтарға сәйкес келмейтін элементтермен толықтыруға жол берілмейді.
Сондай-ақ семинарда стационарлық емес сауданың түрлі сегменттерінің кәсіпкерлеріне өз қызметінде болатын өзекті мәселелер мен сын-қатерлерді талқылауға мүмкіндік туды.
«Бүгінгі кездесу тәжірибе алмасудың тамаша алаңы ғана емес, сонымен қатар қатысушылар үшін практикалық нұсқаулық болды. Атап айтқанда, дизайн код аясында сауда объектілердің табысты дамуының негізгі аспектілері талқыланды және біз, бизнес иелері үшін бұл өте пайдалы, мұндай кездесулерді жиі өткізу қажет», – деп санайды «Сафия» ЖК басшысы Серік Рауан.
Негізгі басымдық үйлесімді қалалық ортаны қалыптастыру және жайлы кеңістік құру, клиенттерді тарту және бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін дизайн-кодты тиімді қолданудың маңызына бағытталған.
«Біз дизайн-код арқылы стационарлық емес бизнес трансформациясының қатысамыз. Біздің ұсыныстарымызға қызығушылық танытқаны қуантады. Ұлттық мәдениет элементтері бар ерекше, қызықты дизайнның мен қазақ тіліндегі маңдайшалар болса жақсы болар еді деп ойлаймын», - деді «Виктор» ЖК иесі Талғат Әбдібеков.
Дизайн және маркетинг мамандары бірегей брендті әзірлеу, сауда нүктелерінің макеттерін оңтайландыру және тартымды визуалды атмосфераны құру стратегияларын талқылау кезінде өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісті. Қатысушылар идеялармен алмасып, бизнес тәжірибелерін жақсартудың жаңа тәсілдерін таба отырып, белсенді түрде өзара пікір алмасты.

«Еркеназ» ЖК өкілі Арайлым Маниева өз кезегінде әр қызмет түріне арналған дизайнды, мысалы, фаст-фуд иелеріне тиісті дизайнды, ал гүл дүңгіршектеріне өз тақырыптық стилін таңдауға мүмкіндік беруді ұсынды.
Жобалық семинардың аяқталуы кәсіпкерлер күнтізбесінде айтулы оқиға ғана емес, сонымен қатар олардың компанияларын дамытудағы маңызды қадам болды. «Алматыбасжоспар» ҒЗИ Алматы қаласының дизайн-кодының барлық бөлімдері бойынша брендбуктерді әзірлеуді жалғастыруда, осылайша кәсіпкерлерге стационарлық емес сауданың серпінді индустриясында табысты даму және өсу үшін қажетті құралдар мен білім бере отырып, қолдау көрсетеді.
«Бизнес қауымдастықтан кері байланыс жинауға деген көзқарасымыз оң және Алматы қаласының бірыңғай сәулеттік келбетін келтіру жөніндегі Алматыбасжоспардың жұмысын жоғары бағалаймыз», – деп атап өтті Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» КММ директорының орынбасары Шыңғыс Құсайынов.
Еске салсақ, стационарлық емес сауда объектілеріне азық-түлік, фаст-фуд дүңгіршектері, гүл павильондары, көше кафелері, мобильді ательелер, жөндеу және қолөнер шеберханалары сияқты нысандар жатады.
Дереккөз: «Алматыбасжоспар»
Фото: «Алматыбасжоспар» баспасөз қызметі, Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі, 2gis