Алматыда нысандар құрылысына мониторинг жасайтын интерактивті карта құрылады
Алматы қаласының геопортал базасындағы Интернет-ресурсы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес әзірленуде.
Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының деректері бойынша интернет-ресурс іске асыруға мәлімделген және іске асырылып жатқан құрылыс жобалары туралы барлық қажетті ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін болады.
Интерактивті режимде көп пәтерлі тұрғын үй кешендері (КТК) және жеке тұрғын үй құрылысының (ЖТҚ) жобалары туралы ақпарат алуға болады.

Қазіргі уақытта интерактивті картаны дайындау барысында 94 КТК бойынша ақпарат жиналды.

Дерекқор құрамында төмендегілер бар:
- жобаның атауы;
- құрылыс объектісінің түрі (КТК/ЖТҚ);
- кадастрлық нөмірлер;
- нобайлық жобаларды келісу туралы мәліметтер;
- берілген СЖТ бойынша мәліметтер;
- құрылыс салушының атауы;
- құрылыстың басталу мерзімі және пайдалануға беру мерзімі;
- авторлық / техникалық қадағалау;
- объектілердің орналасқан жерінің функционалдық аймағы;
- қаржыландыру көзі;
- қабаттылық;
- құрылыс алаңы м2;
- ғимараттар саны;
- пәтерлер саны;
- құрылыс барысының суреттері.

Бүгінгі таңда интерактивті картаны толтыру үшін ЖТҚ бойынша ақпарат жинау жүріп жатыр. Болашақта деректер базасын жаңарту ай сайын online режимінде жүзеге асады.

Басқару интерактивті карта интерфейсін конфигурациялады және тақырыптық қабаттардың деректерімен толтырылды. Ақпаратты қабылдаудың жеңілдігін қамтамасыз ету үшін дизайн әзірленуде. Сондай-ақ, барлық нысандардың құрылыс төлқұжаттары әзірленіп, оларды Геопорталдан жүктеу мүмкіндігі қамтамасыз етілді.

Бұдан басқа, азаматтар мен девелоперлердің ақпаратына қажеттілікті қамтамасыз ететін және мобильді құрылғылар мен компьютерлерден құрылыс серпінін бақылауға мүмкіндік беретін құрылысқа мониторинг жасаудың интерактивті картасы жасалды.

Шешімдерді қабылдау тиімділігін арттыру үшін жобалық басқару құралдарын енгізу жүргізілуде. Тест режимінде жобалар бойынша файлдар мен құжаттаманы орталықтандырып сақтауға мүмкіндік беретін GantPro online-платформасы іске қосылды. Жобалық тәсілді қолдану «проблемалық» объектілерді жедел анықтауға және уақтылы шаралар қабылдауға көмектеседі.