Жаңа LRT жеңіл рельсті трамвай жүйесінің бірінші бөлігін 2027 жылға дейін салу жоспарланып отыр. Ол Б.Момышұлы, Төле би көшелерімен және Райымбек даңғылымен қаланың шығыс шекарасына дейінгі аумақты қамтиды, деп хабарлайды
Kazinform.
Бұл туралы 2030 жылға дейінгі қаланың көлік қаңқасының шебер-жоспарын таныстыру шарасы барысында жобаны әзірлеуге атсалысқан Александр Ованесов айтты.